Миелобласт
Көрініс
Миелобласт (myeloblastus, грек, myelos — сүйек кемігінің майы, blastos — өскін) — сүйектің қызыл кемігі майында орналасқан балғын қан жасушасы. Миелобласттан гранулалы (дәншелі, түйіршікті) лейкоциттер (миелобласт, промиелоцит, миелоцит, метамиелоцит, гранулоцит): эозинофилдер, базофилдер, нейтрофилдер түзіледі. Миелобласт ашық түсті сопақ немесе дөңгелек ядролы ірі жасуша. Ядро маңындағы цитоплазмада центросома, Гольджи кешені, лизосомалар орналасады. Миелобласт цитоплазмасы солғын базофилді боялады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |