Басты бет
Уикипедияға қош келдіңіз!
Бұл кез келген адам еркін өңдей алатын
ашық әрі тегін энциклопедия.
Қазір қазақ тілінде 239 087 мақала бар.
Эрнест Хемингуэй


Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899, Оук-Парк, Иллинойс — 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.
Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйды атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.
Жеті роман жазып, төрт әйелмен бас құраған, үш соғысты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апатынан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез картинасын емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, батыл, жаужүрек қылып көрсете білді.
Биология


Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Биологияның жалпы халық шаруашылығында, әсіресе медицина мен ауыл шаруашылығында маңызы аса зор.
Тәулік суреті
Уикимедиа қорының басқа да жобалары
![]() |
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
![]() |
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||
![]() |
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
![]() |
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||
![]() |
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
![]() |
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||
![]() |
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
![]() |
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||
![]() |
Уикисабақ Білім қоры
|
![]() |
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||
![]() |
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
![]() |
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Жаңалықтар
Ағымдағы оқиғалар: Грузиядағы наразылық шаралары • Ресейдің Украинаға басып кіруі (хронологиясы, Курск облысындағы шайқастар)

- 28 сәуір — Канададағы федералдық сайлау нәтижесінде Марк Карни (суретте) бастаған Либералдық партиясы азшылық орынға ие болды.
- 28 сәуір — энергетикалық жүйеде ақау орын алып, нәтижесінде Пиреней түбегінің 23 сағатқа электрмен жабдықталуы тоқтады.
- 26 сәуір — Иранның Шахид Раджаи портындағы жарылыс пен өрттен кем дегенде 70 адам қаза тауып, 1200-ден астам адам жарақат алды.
- 22 сәуір — Үндістанның Джамму және Кашмир аймағында орын алған терактінің салдарынан 26 адам қаза тапты, бұл Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынастардың күрт нашарлауына алып келді.
- 21 сәуір — Рим папасы Франциск 88 жасында қайтыс болды.
- 13 сәуір — Ресей зымыраны Сумы қаласына соққы жасап, нәтижесінде 117 адам жарақат алып, 34 адам қайтыс болды.
Білгенге маржан
- Apple компаниясының алғашқы логотипінде Исаак Ньютонның суреті болған.
- American Airlines жолаушыларға берілетін салаттың құрамынан зәйтүнді алып тастап, 40 000$ үнемдеген.
- Қазақстан қазақтарының ең көп аттас-тектестер Серік Ахметов және Айзере Серік.
- Лазерлік принтердің алғашқы істейтін прототипі 1972 жылы жасалды.
- Третьяков галереясының ішінде де бір киіз үй бар.
- Гармония тынысын радиодан да естіп алуға болады.
- Хамелеондардың түс өзгерте алуы меланосомалардың әрекетіне байланысты.
30 сәуір
Мейрамдар
Оқиғалар
- 1789 — Джордж Вашингтон толық дауыс жинап алғашқы АҚШ президенті болып сайланады.
- 1803 — АҚШ Франциядан Луизиананы акрына 4 цент бағамы бойынша сатып алған.
- 1900 — Гавай аралдарын АҚШ аннексиялайды.
- 1939 — Нью-Йоркте әлемдік өндіріс көрмесі ашылып, содан бастап АҚШ-та қалыпты телевиязилық толқын таратыла бастайды.
- 1945 — Адольф Гитлер өзінің бункерінде өзін-өзі өлтіреді.
- 1975 — Вьетнам халық армиясы Сайгонды алып Вьетнам соғысы аяқталады.
- 1992 — Женевада Еуропалық элементар бөлшектер физикасы зертханасының (CERN) қызметкері ағылшын Тим Бернерс-Ли (Tim Berners-Lee) жасаған Әлемдік ғаламтор технологиясы (World Wide Web) барлығына тегін деп жарияланды.
Дүниеге келгендер
- 1777 - Карл Фридрих Гаусс (1855 жылы қ.б.), керемет неміс математигі, астрономы және физигі
- 1857 — Эйген Блейлер (Блюле) (1939 жылы қ.б.),
швейцариялық психиатр әрі психолог. Шизофрения ұғымын алғаш енгізіп, оны жеке ауру ретінде сипаттаған.
- 1901 — Саймон Смит Кузнец (1985 жылы қ.б.), америкалық экономист, жебірей, 1971 жылғы Нобель сыйлығы лауреаты.
- 1902 — Теодор Уильям Шульц (Theodore William Schultz) (1998 жылы қ.б), америкалық экономист, «жаңа экономикалық зерттеулері үшін… дамушы елдерге қолданбалы» (Артур Льюиспен бірге (Arthur Lewis)) 1979 жылғы Нобель сыйлығы лауреаты .
Қайтыс болғандар
- 1945 — Адольф Гитлер (1889 жылы т.), Германия ұлттық-әлеуметтік мемлекет басшысы (1933—1945 жж.).
Сәуір айына ортақ жұмыс
Таңдалмаған. Оны сіз де жасай аласыз!